Арнаңыз ашық болса, аларыңыз көп болар
Алла Тағаланың сарқылмасын қазынасын суы бітпес өзенге теңесек, оның жанынан ашылған арық арналары адамның Құдайдан алған несібесі іспетті. Кім несібесінің мол болғанын қаласа, арығының арнасын барынша көп ашуға тиісті. Ал арықтың арнасы қалай көп ашылады? Оны бір досымның әңгімесінен ұғып көрелік. Досым айтады: "Базарда кішігірім бутигі бар бір апай бар еді. Бутигіне қарасаң ешбір саудасы өтпейтін секілді. Бірақ маңайындағы сатушылар ол кісінің саудасына қызығып: "осы сенің саудаң біздікінен қарағанда көп өтеді, сыры неде?" деп сұрайды екен. Сөйтсе ол кісі әр күні мұқтаж жандарға қол ұшын...