Бұдыр жол
Бұдыр жол

Осыдан екі күн алдын бір ауылға қарай жолға шықтық. Досым екеуміз бір-бірімізбен: "Қай жолмен барсақ жақын болады? Жақын жолдың асфальты қалай екен, қиналып қалмаймыз ба?"- деп сөз таластыра ақылдастық. Сосын әйтеуір "әу, Пірім"- деп ең жақын жолмен жүріп кеттік. Көлігіміздің жағдайы жақсы. Сыр бермей зулап келеміз. Кенеттен жүріп бара жатқан жолымыз бұдырлана бастады. Сол сәтте осыдан бір апта бұрын басымнан өткен бір жағдайды еске алдым. Сол жағдайдан әсерленіп, терең ой үстінде жүрген болатынмын. Сондағы ойларымның бірі: "Неге осы адамдар бір-бірін демемейді, қолдамайды? Неге бір-бірінің аяғынан шалғысы келіп тұрады? " - деп іштей түнеруім еді. Ішімнен "бұл да менің өмір жолымның бұдыры шығар" - дедім жолдың бұдырына қарап. Сосын, "енді не болар екен, алдымыздан тегіс жол шыға ма екен?" деп алдыма қарап, елеңдеп қоямын. Алла шүкір жол жақсарды. Діттеген жерімізге қиналмай жетіп алдық досым екеуміз. Алла Тағала Құранда: "Шындығында бір қиыншылықтан кейін, бір жеңілдік бар!" деген емес пе? Бөліскім келді...

 

Бөліскім келдіБөліскім келді
4 жыл бұрын 1950
0 пікір
Блог туралы