Әжемнің сөзі есімде
Әжемнің сөзі есімде

Осыдан жиырма жыл бұрын мен бір жас бала едім. Әжеммен бірге сәресіге тұрып тәтті талқан жегенім есімде. Сонда әжем талқынын келіге өзі түюші еді. Мен де одан көріп алып, талқан түйіп, таңда тұтқан оразамды түсте ашып қоюшы едім. Еее... баламыз ғой ол кезде. Әттең бала болып жүре берсе едік. Мүмкін емес-ау бірақ. Уақыт қоя ма жанымызды? Әкетеді бір күні. Сол жан алқымнан шықпай тұрып, әжемнің айтқан бір сөзін жаза кетейін. Әжеммен бірге құдайы тамаққа барушы едік. Құдайы тамақ біте салысымен Құран оқып, бата қылады емес пе? Сонда ауылдың шалдары алақандарының арасын ашып отырушы еді. Бұны көрген әжем: "Әй, балам анау шалдарды көрдің бе? Алақандарының арасын ашып дұға қылады. Сен олай жайма! Алақаныңның арасын жабық ұстап, қол қусыра жай. Сонда Алла берген несібең алақаныңның арасынан төгіліп қалмайды" - деген еді. Бөліскім келді...

Бөліскім келдіБөліскім келді
4 жыл бұрын 3114
0 пікір
Блог туралы