Менің бір досым
Менің бір досым

Бала күнімде менің бір досым бар еді. Жасы менен екі жас үлкен болатын. Екеуміз қандай ойын түрін ойлап тапсақ, әрдайым бірге ойнайтынбыз. Ол кезде "Dendy", "Sega" деген приставкалар хит еді. Бір күні анам маған "Dendy" сатып алып берді. Досым екеуміз оны бірге ойнадық. Ол әрдайым үйге келіп тұратын. Қызық еді сол күндер. Есіме түссе сағынамын. Әйтеуір сөйтіп жүріп "Sony"- ға дейін көтерілдім." Sony" сатып алған кезде оны ақшаға ойнатушы едім. Ал досымды тегін ойнататынмын. "Sony" алмай тұрып досым екеуміз "Sega" ойнайтынбыз. "Sega" - да "Mortal kombat" деген ойын бар. Сол ойында fatality, brutality деген нәрселер бар болатын. Екеуміз соларды жасау үшін джостиктегі комбинацияларды іздеуші едік. Ойынға үйреніп қалған досым комбинацияларды табу үшін, әр күні үйге келіп тұратын. Одан бөлек тағы бір сыныптас досым бар еді. Ол да приставка ойнауға қызығатын. Өзімнен екі жас үлкен сыныптас досымның көршісі еді. Бір күні ол сыныптас досымды маған жамандай бастады. Мен де оның айтқандарына сеніп сыныптас досымнан ұзақтау жүре бастадым. Оған "Mortal kombat"- тың fatality", "brutality"- лерінің комбинациясын жасырып айтпай қойдым. Өйткені әлгі досым оған айтпа деген еді. Тіпті сыныптас досымды мазақтап та жүрдім. Өйткені ол кішкене толықтау бала еді. Ғайбаттың жамандығын қарасаңызшы адамды адамнан алыстатады екен. Әйтпесе кішкентай баламыз ғой. Күндер өте келе мен сыныптас досыма мұқтаж болып үйіне бардым. Өйткені ол компьютер алған еді. Менде де комьпютер болды. Бірақ ойыны аздау болатын. Сыныптасыма маған ойын жүктеп берші дедім. Ол да барынша жүктеуге тырысты бірақ жүктей алмады. Осылай балалық шақ зу ете өтті де кетті. Мен басымнан өткен бұл оқиғадан үш түрлі сабақ алдым. Біріншісі: "Приставкамен өткен есіл уақытым-ай"- дедім. Екіншісі: "Ғайбаттың жамандығын-ай"- дедім. Үшіншісі: "Біреуге шүйлікпе! Себебі уақыт өте келе сен де оған мұқтаж боласың! "- дедім. Бөліскім келді...

 

Бөліскім келдіБөліскім келді
5 жыл бұрын 3811
0 пікір
Блог туралы