Жақсылығым кім үшін?
Жақсылығым кім үшін?

Жақында азық-түлік алу үшін базарға бардым. Заттарымды алып болған соң сатушы маған: "Такси табыңыз ұныңызды көтеріп апарып береміз" - деді. Қуанып кеттім. Сол сәтте көкөніс алуға ақшам жетпей тұр еді. Сатушыға: "Каспий голдпен сізге ақша жіберсем, маған қағаз күйінде бере аласыз ба?" - дедім. Ол келісті. Қуандым! Сосын көкөнісімді алып, такси іздедім табыла кетті. Тағы да қуандым!  Бүкіл заттарымды дүкеннен алып таксиге салдым. Таксист аға: "Інішек қане отыр кеттік" - деп маған жылы сөзін арнады. Көңілім көтеріліп қалды! Төртінші рет қуандым! Таксиге отырған соң жүргізушіге: "Адамдардың барлығы базар аралап зат алып жүр, Алланың берекетіне қараңызшы!" дедім. Ол маған: "Иа сол берекеттен біз де пайдаланып адам тасып, Алланың берген несібесінен алып қалып жатырмыз десе орынды айтқан болар еді." Бірақ та ол: "Бәрі тамақ жейді ғой сосын алып жатыр" - деді. Осы сөзден кейін: "Барлық адамның мені қуантқан жақсылығы осы тамақ үшін ғана болғаны ма?" деген ойға келдім. Яғни, "бұлар тұтынушыны өзіне тарту үшін ғана маған жақсылық жасады ма?" дедім өзіме. Әрине іштегі ниетті тек Алла Тағала ғана біледі. "Мен де жақсылық жасасам өз пайдам үшін жасап жүрген жоқпын ба?"- деген қорқынышты іштей сезіндім. Шынынды жақсылық тек Алла разылығы үшін жасалуға тиісті емес пе? Бөліскім келді... 

Бөліскім келдіБөліскім келді
5 жыл бұрын 3379
0 пікір
Блог туралы