Өзгеге жәрдем етуің өзіңе жәрдем еткенің
Өзгеге жәрдем етуің өзіңе жәрдем еткенің

Бір күні бір ағаммен әңгіме дүкен құрып отыр едік. Ол сөзінің арасында өзінің басынан өткен бір оқиғасын баяндап берді. Ол осыдан жиырма жыл бұрын сары аурумен ауырып, бауыры қабырғасына жабысып, қиын жағдайға тап болған екен. Ағам ауруханаға барған кезінде, бас дәрігер "өлтіріп аламыз ба?" деген оймен жауапкершіліктен қорқып, оны емдегісі келмеген екен. Сол сәтте жасы егде тартқан, көп жылдық тәжрибесі бар бір дәрігер бас дәрігерге: "Жауапкершілікті мен мойныма алайын. Сізге қолхат жазып берейін. Егер бұл бауырым өмірімен қош айтысып жатса, айыбы маған болсын. Бұны аман алып қалмасақ болмайды." - деп тәуекел етіп, ем ісіне жең түре кірісіп кеткен екен. Сосын не керек төрт ай бойы емге жалғастырыпты. Сол арада дәрігер кісі: "Мен саған барымды салып жәрдем етіп жатырмын. Сен де маған жәрдем ет! Маған жәрдем етпеген екі кісі мына дәл сен жатқан көрпеде жан тәсілім етті" - деп айтыпты ағама. Оның "маған жәрдем ет!" дегені "менің айтқандарымды бұлжытпай орында!" дегені екен. Ағам да дәрігердің айтқандарын бұлжытпай орындап, өлімнен аман қалыпты. Бұл оқиғадан алған сабағымыз, біз біреуге жәрдем ету арқылы өзімізге жәрдем еткен болады екенбіз. Қасиетті Құран Кәрімде: "Әй, мүміндер! Егер Аллаға (дініне) жәрдем етсеңдер, Ол сендерге жәрдем етіп, табандарыңды бекітеді." деген. Бөліскім келді...

Бөліскім келдіБөліскім келді
5 лет назад 3545
0 комментариев
О блоге