Айып пен байып
Айып пен байып

Адамзат әрі айыпты әрі байыпты. Айыпты болуы ел арасында сақшылар мен тазалықшылардың өріп жүруі. Себебі адамның бәрі тәртіпті болса, тазалықты сақтап жүрсе, сақшы мен тазалықшының елге не қажеті бар? Осыларға жұмсаған ақшаны басқа да пайдалы нәрселерге жұмсаса ғой шіркін! Әй, қайдам бұл мүмкін емес! Неге дейсіз ғой? Себебі адамның бойында нәпсі деген сұм дұшпан бар. Ол жақсы істерді жақтырмайтын жаман жаратылыс. Сол үшін оны тәрбиелеу қажет. 

 Ал енді адамзаттың байыптылығы жайлы айтар болсам, мен бұны жедел жәрдем көлігінің дыбысынан ұқтым. Себебі бұл дыбыс адамзаттың құрған ең керемет жүйесі әрі мейірімділіктің белгісі. Өйткені қиналған адамға қол ұшын беру нағыз мейірімділік. Ал мейірімділік байыптылықтан туындайтын асыл мінез. Байыптылық болса, сөздікте "істің жөн-жосығы" және "сабырлылық" деген мағынаны береді екен. Олай болса әрбір сабырлы адам мейірімді деген сөз. Неге? Себебі ашу келгенде сабыр етіп,  істің жөн-жосығын біледі. Бөліскім келді...

 

Бөліскім келдіБөліскім келді
5 лет назад 3207
0 комментариев
О блоге